ТДМ 17 – Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік. Фудан университеті ҚазҰУ студенттеріне арналған білім беру мүмкіндіктерін ұсынды. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасыFarabi University

ТДМ 17 – Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік. Фудан университеті ҚазҰУ студенттеріне арналған білім беру мүмкіндіктерін ұсынды. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы

18 қараша, 2025

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 18 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Фудан университетінің ресми өкілдерімен ақпараттық кездесу өтті. Кездесу халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Іс-шара барысында ҚазҰУ студенттері Фудан университетінің магистратура және докторантура бағдарламалары, сондай-ақ ұсынылатын стипендиялық мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәлімет алды.

Сонымен қатар қатысушыларға Шанхай қаласындағы студенттік өмірдің ерекшеліктері, оқу мен тұрмыс жағдайлары кеңінен таныстырылды. Фудан университетінің әлемдік рейтингтердегі орны мен академиялық беделі ерекше атап өтілді. Кездесу барысында университеттің басым ғылыми-зерттеу бағыттары мен инновациялық жобалары туралы толық ақпарат ұсынылды. Шетелдік студенттерге арналған академиялық және әлеуметтік қолдау жүйелері таныстырылып, олардың тиімділігі көрсетілді.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға тікелей жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Аталған кездесу білім алушылардың халықаралық білім беру кеңістігіне қызығушылығын арттырды. Іс-шара ҚазҰУ мен Фудан университеті арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға және болашақ бірлескен жобаларға жол ашты.