ТДМ 5 — Гендерлік теңдік | Women in STEM/IT. Farabi University

ТДМ 5 — Гендерлік теңдік | Women in STEM/IT. 

29 желтоқсан, 2025

Ақпараттық жүйелер кафедрасы Women in STEM/IT бағыты аясында ғылым мен ақпараттық технологиялар саласында табысты еңбек етіп жүрген әйел мамандардың кәсіби және ғылыми жетістіктері туралы сұхбат берді.

Сұхбат барысында кафедра меңгерушісі, доцент м.а. А.Н. Шормакова және аға оқытушы Ж. Дүйсенбекқызы өздерінің кәсіби даму жолы, ғылыми қызметі және білім беру саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Олар ғылым мен IT саласындағы әйелдердің рөлі, мансаптық өсу мүмкіндіктері және жас мамандарды қолдаудың маңыздылығы жөнінде пікір білдірді.

Бұл сұхбат студенттер үшін мотивациялық үлгі болып, гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілетуге және ғылым мен ақпараттық технологиялар саласында әйелдердің әлеуетін арттыруға бағытталды.

🎥 Толық бейнематериалды Instagram парақшасынан көруге болады:
👉 https://www.instagram.com/p/DS2OpiuiNBY/?igsh=Z3h5N2txcGFlcGt2