ТДМ 4- Сапалы білім. Жалпы білім беретін мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы
1 желтоқсан, 2025
Бекетова Айман Қайырбековна мен Қуандықова Дина Қайратқызы Алматы қаласы, Алатау ауданындағы №181 жалпы білім беретін мектептің бітіруші сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бағытында кездесу өткізді. Кездесу барысында мектеп басшылығымен байланыс орнатылып, болашақ талапкерлермен кәсіби бағдар бойынша мазмұнды әңгіме жүргізілді. Оқушыларға университет туралы ақпарат ұсынылып, брошюралар таратылды және Ашық есік күніне шақыру жасалды.
Бұл жұмыс білімнің — болашақ табыстың кепілі екенін айқындай отырып, түлектерге мамандық таңдау кезінде дұрыс бағыт алуға қолдау көрсетуге бағытталды.
Басқа жаңалықтар
27 қаңтар, 2026
27 қаңтар, 2026
27 қаңтар, 2026