ТДМ 17 – Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік
Шетелдік серіктес университеттермен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Ақпараттық жүйелер кафедрасы халықаралық әріптестікті дамыту аясында шетелдік серіктес университеттердің тиісті кафедраларымен онлайн кездесу өткізді. Кездесу қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдар негізінде ұйымдастырылды.
Онлайн кездесу барысында тараптар білім беру, ақпараттық жүйелер, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және мультимедиялық технологиялар салаларындағы бірлескен қызмет бағыттарын талқылады. Сонымен қатар академиялық мобильділік, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, ғылыми жарияланымдар және Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша деректерді жинау және үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша ТДМ аясында жүзеге асырылатын бірлескен жұмыстарды жалғастыру және серіктес тараптардан атқарылатын іс-шараларды ресми түрде растау хатын алу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Бұл бастама халықаралық академиялық серіктестікті нығайтуға және университеттің тұрақты даму бағытындағы қызметін дамытуға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар