Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының доценті А.К. Тоқтабаева «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының қазақ бөлімінің 403-404 топтарымен сапалы білім беруді (4.3.3 - Үздіксіз білім алу үшін кәсіптік оқыту қызметі) және тұрақты қалалар мен елді мекендер (11.2.6 - Мәдени мұраны есепке алу және сақтау) тұрақты дамыту мақсаттарын жүзеге асыру барысында «Тіл — ұлттық құндылық» тақырыбында іс-шаралар өткізді. Іс-шара барысында студенттер тіл — мемлекеттің тұғырлы тірегі, халыктың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрнегі. Өз ана тілін ұмыткан адам — өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың шежіресі, тарихы, медениеті, мінезі айнадай көрініп тұратындығы туралы пікірлерін білдірді.



Басқа жаңалықтар