Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың " Түркістан " газетіне берген сұқбатын еліміз болып ынта- ықыласпен оқыдық. Мемлекет басшысы еліміздің ішкі және саясатына қатысты біраз мәселелердің мәніне тоқталыпты. Қай елдің болмасын экономикалық әлеуетін көтеретін сала- бизнес екендігі даусыз. Ашық, бәкелестікке негізделген отандық бизнесті одан әрі дамтуға күш салынатынын баса атап көрсете отырып, ел көкейінде жүрген ұлттық туризмге қатысты тың бағыттарды айқындап жеткізген екен. Анығында тек туризмді дамыту арқылы дамып отырған елдер бар. Қазақстанның ландшафы соған сай келеді. Сонымен бірге Президент ұлттық тарихтың кейбір күдір мәселелеріне тоқталып, қолдан жасалған жалған тарихтың шатастыратынын баса айтыпты. Бұл- өте құптарлық мәселе. Алдағы уақытта Қазақстанның цифрлы державаға айналу керек деген тұжырымы заман талабы деп ұғамыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Ерболат Баят,
Әл Фараби атындағы Ұлттық университеттің оқытушысы, философия докторы,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.