ТДМ №3 «Жақсы денсаулық және әл ауқат»Farabi University

ТДМ №3 «Жақсы денсаулық және әл ауқат»

8 қаңтар, 2026

   15.10.2025 ж.БҰҰ -ның ТДМ №3 «Жақсы денсаулық және әл ауқат»  аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының профессоры Г.М.Атаханованың жетекшілігімен «Әділет» клубының мүшелері және 215 топ студенттері спорттық жаттығулар арқылы бой сергіту жаттығуларын өткізді. Мақсаты — студенттердің денсаулығын нығайтып, сергек те салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық жаттығулар арқылы олардың бойында жігер, шыдамдылық және өмірге деген оң көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда жақсы денсаулық пен жоғары өмір сапасының маңызын насихаттау.