ТДМ 11. Шетелдік студенттер мәдениет орындарына саяхаттауда
13 қараша, 2025
Алматыда танымдық-мәдени орындар өте көп. Осыған орай ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» апталығы және тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ-11)аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ 19-топ тыңдаушылары Алматының мәдени ошақтарының бірі- отандық кинотеатрлардың біріне бардық. Қазақстанның отандық кинотеатрының бірінде отандық мәдениеттің дамуына үлес қосып жатқан жаңа ғасырдағы түсірілімді тамашаладық. Мәдениет, өнер арқылы өнегелі өмір сүретін текті, тәрбиелі, жан-жақты білімді жастарды қалыптастыру мақсатында осындай іс-шаралардың өтуі, мәдени орындарға бару мәні зор.
Атамекенге келген қандастар осындай мәдени-тарихи іс-шаранын болып жатқанына ризашылықтарын білдіруде.