ТДМ 15. «Мен және қоршаған орта» тақырыбы аясында өткізілген іс шара
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «мен және қоршаған орта» тақырыбы аясында іс-шара өткізілді. Өткізілген шараның мақсаты қазіргі таңдағы экологиялық мәселелердің туындауын және оның адамзатқа тигізер кері әсерін анықтап, қоршаған ортаны қорғау құндылықтарымен түсініктерін қалыптастыру.
Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Адам санасының дамуы ол- қоршаған ортаны пайдалануды күрделендіріп отыр. Қазіргі таңда адамзат қоршаған ортаны тиімсіз пайдалануда. Ал бұл, қоршаған орта тепе - теңдігінің бұзылуына әкеп соғуда.
Көптеген аймақтар экологиялық апатты аймақтарға айналды. Жер шарындағы халықтың шамамен 45 - 50 пайызы экологиясы нашар аймақта өмір сүруде.
Өткізілген іс-шара барысында тыңдаушылар әлемдік экологиялық мәселелермен танысты. Осы экологиялық мәселелер ол әр адам баласының өзін қоршаған ортаны тиімсіз пайдаланудан басталатынын түсіну керек. Олай болса, табиғатты қорғау, сақтау ол өзімізді қоршаған ортадан басталады.
Өздерін қоршаған орта яғни Алматы қаласының экологиялық жағдайымен танысты. Алматы қаласы ең лас қалалар тізіміне енеді. Қала көбіне автокөліктерден шығатын газдардан, жылу көздері ЖЭС-тен және қоқыспен ластануда. Адамдарда әртүрлі аурулардың пайда болуына әкелуде. Ал биік тұрғын үй ғимараттарының ретсіз салынуы қаланың желденуіне кедергі жасауда. Тыңдаушылар осы мәселерге байланысты өз ойларымен бөлісті. Қоршаған ортаны жақсарту жолдарын анықтап, алдын алу шараларын қарастырды және аталған тақырыпта өздерінің түсірген шағын бейне баянын ұсынды.