2025 жылдың «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» Смекенов Изат Темиргалиевич
31 желтоқсан, 2025
2025 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болған Смекенов Изат Темиргалиұлын шын жүректен құттықтаймыз!
Изат Темиргалиевич – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы, PhD, жетекші ғылыми қызметкер. Сіздің ғылым мен білім саласындағы еңбегіңіз, жастарға берген терең біліміңіз бен көрсеткен үлгі-өнегеңіз – баршамыз үшін мақтаныш.
Бұл жетістік – сіздің тынымсыз еңбегіңіздің, шығармашылық ізденістеріңіздің және ғылымға қосқан үлесіңіздің лайықты жемісі. Молекулалық биология және генетика кафедрасының ұжымы сізге жаңа табыстар тілейміз, алға қойған биік мақсаттарыңыз орындала берсін!
Молекулалық биология және генетика кафедрасы