“Желтоқсан рухы - Жастардың жүрегінде” атты ашық іс-шара
2025 жылы 1 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде ТМД 16 - "Бейбітшілік, әділдік және күшті институттар" аясында Есеп және Аудит тобының студенттері мен эдвайзері Аскарова Ж.А. “Желтоқсан рухы - Жастардың жүрегінде” атты ашық іс-шара өткізді. Іс-шарада Есеп және аудит тобының студенттері жоғары деңгейде өнер көрсетті. Оның ішінде қойған қойылымдары, айтылған өлең шумақтары және түрлі интеллектуалды жарыстар болды. Желтоқсан оқиғасы – қазақ халқының жүрегінде өшпес із қалдырған, тәуелсіздікке бастар жолдағы шешуші тарихи белес. 1986 жылы алаңға шыққан өр рухты қазақ жастары батылдықтың, намыс пен еркіндіктің символына айналды. Бүгінгі ұрпақ сол ерлікті ұмытпай, тәуелсіздіктің қадірін түсініп, оны сақтау жауапкершілігін сезінуі тиіс.
Басқа жаңалықтар