Қазақстан халқының Тілдері күні
2025 жылдың 11 қыркүйегінде «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламаларының 2-курс топтарында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған кураторлық сағат өтті. Бұл мереке — еліміздің мәдени байлығы мен алуан түрлілігін бейнелейтін маңызды күн болып табылады. Кураторлық сағат барысында студенттер мерекенің тарихымен танысып, ана тілінің тұлға мен құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ тілдік әралуандылықты сақтау мен құрметтеудің маңызы туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар куратор Кенесова З.А. кураторлық сағаттың тақырыбын БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №4 — «Сапалы біліммен» ұштастырды. Бұл мақсат этникалық тиістілігі мен ана тіліне қарамастан, барлық адамдар үшін инклюзивті және тең қолжетімді білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған. Осындай іс-шаралар жастар бойында төзімділікті, өзге халықтардың мәдениетіне құрметпен қарауды және Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар