- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ҚазҰУ-дың 92 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ҚазҰУ-дың 92 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
ТДМ-4 2026 жылғы 15 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ҚазҰУ-дың 92 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара К.Тоқаев атындағы 220-аудиторияда ұйымдастырылып, факультет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамының, жетекші ғалымдар мен жас зерттеушілердің басын біріктірді. Бағдарлама аясында ҚазҰУ мен Журналистика факультетінің негізгі жетістіктерін айшықтайтын бейнематериалдар, сондай-ақ оқу корпустары мен жатақханаларды жаңғырту, күн панельдерін енгізу сияқты іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды.
Факультет деканы Қ.Әуесбайұлы баяндама жасап, факультеттің ғылым, білім және тәрбие ісін дамытудағы және жоғары білікті кадрлар даярлаудағы стратегиялық рөлдерді атап өтті. Сондай-ақ факультет тарихындағы маңызды кезеңдер мен түлектердің елеулі жетістіктерін ерекше атап өтіп, тәжірибелі ұстаздарды алғыс хатпен және Фараби төсбелгілерімен марапаттады. Факультеттің оқытушы профессорлар құрамынан Клара Қабылғазықызы, Алмас Ахметбекұлы, Ложникова Ольга Петровна, Мухамадиева Лариса, Рожков Алесандр және Смәділ Қарагөз студент шақтарынан естеліктер айтып, аяулы ұстаздарын еске алды. Жиын соңында факультет деканы ҚазҰУ-ұжымының университеттің ғылыми әлеуетін нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлесін атап көрсетіп, университеттің - Farabi HUB, Farabi Robotics, Digital and Intelligent workshop және Суперкомпьютер секілді көрнекті нысандарға кампус тур жасап, аралатты.
Данаева Нұрлыайым Тұрсынбайқызы, PhD, аға оқытушы,
Деканның әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Басқа жаңалықтар