Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде магистратура түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде магистратура түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті

17 қаңтар, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде магистратура түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Аталған іс-шара оқуын сәтті аяқтаған магистранттар үшін кәсіби және ғылыми дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан маңызды сәт болды.

Салтанатты рәсімге Экономика және бизнес жоғары мектебінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және магистратура түлектері қатысты. Іс-шара барысында келесі білім беру бағдарламалары бойынша дипломдар табысталды: «Қаржы» білім беру бағдарламасы - 13 түлек (бейіндік бағыт), «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы - 12 түлек (бейіндік бағыт); және «Салалар бойынша логистика» білім беру бағдарламасы - 1 түлек (ғылыми-педагогикалық бағыт).

Магистранттарды құттықтау сөзімен Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Ермекова Жанна Жандарбековна сөз сөйлеп, түлектердің жоғары дайындық деңгейін, ғылыми белсенділігін және оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарағанын атап өтті. Сонымен қатар, болашақ кәсіби қызметінде табысқа жетуіне, ғылыми және мансаптық өсуіне тілектестік білдірді.

 

Түлектер өз кезегінде профессор-оқытушылар құрамына көрсеткен қолдауы, кәсіби білімі мен тәжірибесі үшін алғыс білдіріп, университет қабырғасында алған білімдері болашақтағы қызметіне берік негіз болатынын атап өтті.

Магистратура түлектеріне диплом тапсыру рәсімі жас мамандар үшін жауапкершілік пен жаңа мүмкіндіктердің, сондай-ақ экономиканы, бизнесті және қоғамды дамыту жолындағы маңызды қадамның символына айналды.