ҚазҰУ - адал Қазақстан болашағын құрудың авангарды
2026 жылдың 19 қаңтарында Қызылордада 5-ші Ұлттық Құрылтайдың тарихи отырысы өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы және ректоры Жансейіт Түймебаев еліміздің жарқын болашағы үшін осы аса маңызды диалог алаңына қатысты.
Мемлекет басшысы Қазақстанды дамытудың төрт стратегиялық басымдылығының бірі - адами капиталды дамыту екенін атап өтті. Білім және ғылым - Әділ Қазақстанды құрудың және «Адал Азамат» тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізі құралдарының бір болып табылады.
ҚазҰУ жоғары білім берудің алдыңғы саптағы авангарды ретінде тек кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар жоғары адамгершілік құндылықтарды да меңгерген жаңа буын мамандарын даярлауда басты рөл атқарады. Құрылтайда сонда ақ, технологиялық серпіліс мәселелері талқыланды. Университет қазірдің өзінде осы бағытта белсенді жұмыс істеп, энергетика және жасанды интеллект сияқты озық орталықтарды құрып, осы салаларда халықаралық ынтымақтастықты дамытып отыр. Сонымен қатар Ұлттық бірегейлікті нығайту және жастарды тәрбиелеу мәселесі де маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. ҚазҰУ бұл бастамаларды мәдени және білім беру жобалары арқылы қолдап келеді.
Құрылтайға ректор Жансейіт Түймебаевтың қатысуы Қазақстандағы алдыңғы қатарлы білім шаңырақтарының бірі және бірегей университет ретінде мемлекеттік реформалардың алдыңғы қатарында болуға дайын екенін тағы бір рет дәлелдеп отыр.
Баймуратова И.А. Филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы
Басқа жаңалықтар