- Басты бет
- Жаңалықтар
- «6B06105 – Математикалық және компьютерлік моделдеу» білім беру бағдарламасы «Атамекен» ҰҚП рейтингісінде 1-орынға ие болды
«6B06105 – Математикалық және компьютерлік моделдеу» білім беру бағдарламасы «Атамекен» ҰҚП рейтингісінде 1-орынға ие болды
2025 жылғы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары оқу орындары рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетіне қарасты «6B06105 – Математикалық және компьютерлік моделдеу» білім беру бағдарламасы 1-орынды иеленді.
Бұл жоғары нәтиже – кафедра ұжымының жүйелі әрі мақсатты еңбегінің нақты жемісі. Оқытушылар білім беру бағдарламасын еңбек нарығының заманауи талаптарына сай үнемі жаңартып, теория мен практиканы ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ерекше көңіл бөліп келеді. Оқу үдерісінде қолданбалы бағыттағы пәндерге басымдық беріліп, заманауи бағдарламалық құралдар мен модельдеу әдістері кеңінен қолданылады.
Аталған білім беру бағдарламасы бұған дейін де «Атамекен» ҰКП рейтингісінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келген. Биылғы жылы да көшбасшы орынды сақтап қалуы – кафедра ұжымының кәсіби біліктілігінің, оқу бағдарламасын үздіксіз жетілдіруінің және студенттерді сапалы даярлауға бағытталған еңбегінің айқын дәлелі.
Бұл жетістік Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық беделін арттырып қана қоймай, ұлттық жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосылған маңызды үлес болып табылады.
Сагимбаева Лида Абсултановна
Математикалық және компьютерлік
моделдеу кафедрасыны меңгерушісінің
оқу-әдістемелік және тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Басқа жаңалықтар