Экологиядағы жасанды интеллект: мамандықтың болашағы және еңбек нарығының талаптарыFarabi University

Экологиядағы жасанды интеллект: мамандықтың болашағы және еңбек нарығының талаптары

23 қаңтар, 2026

«Экология» ББ 3-курс кураторы Хамитова К.К. қоршаған ортаны қорғау саласында жасанды интеллектті қолданудың өзекті мәселелеріне арналған кураторлық сағат өткізді.

Кездесу барысында экологиялық мониторингте, үлкен деректерді талдауда, экологиялық тәуекелдерді болжауда, сондай-ақ тұрақты даму міндеттерін шешуде жасанды интеллектті қолданудың заманауи мүмкіндіктері қарастырылды. Студенттер эколог маманының кәсіби қызметіндегі цифрлық технологиялардың болашағын және олардың табиғатты қорғау шараларының тиімділігін арттырудағы рөлін талқылады.

Сонымен қатар, үшінші курс соңында өтетін өндірістік практика мәселелеріне ерекше назар аударылды. Куратор өндірістік практиканың мүмкін базаларын, оның ішінде кәсіпорындардың экологиялық қызметтерін, ғылыми-зерттеу ұйымдарын, мемлекеттік органдарды және жеке экологиялық компанияларды таныстырды. Сондай-ақ практика басталғанға дейін студенттердің қалыптастыруы қажет негізгі құзыреттері атап өтілді: аналитикалық ойлау, цифрлық құралдарды меңгеру, экологиялық мониторинг негіздері, нормативтік құжаттармен жұмыс істеу және жобалық қызмет дағдылары.

Кураторлық сағат еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттерге болашақ кәсіби қызметке қойылатын талаптарды және жеке даму траекториясын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.