Шығыстану факультетінің ирантанушы ғалымы Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының V отырысында көшбасшылық дәріс оқыдыFarabi University

Шығыстану факультетінің ирантанушы ғалымы Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының V отырысында көшбасшылық дәріс оқыды

21 қаңтар, 2026

21 қаңтар күні ТДМ-ның 17-ші «Тұрақты даму үшін серіктесік» бағыты аясында ф.ғ.к., аға оқытушы, «500 ғалым» Болашақ бағдарламасы бойынша Sorbonne-Nouvelle университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен Қамбарбекова Ғалия Әмзеқызы «Франция ұлттық кітапханасындағы парсы тіліндегі қолжазбалар: тарихы, коллекционерлер және каталогтардың ерекшеліктері» атты тақырыпта дәріс оқыды.

 Дәріс басында Ғ.Ә. Қамбарбекова Сонымен қатар, Париждегі Францияның 2 ұлттық кітапханасы - Ришелье атындағы ФҰК (BNF Richelieu) және  Франсуа Миттеран атындағы ФҰК (BNF Francois Mitterrand) кітапханаларының тарихы мен бүгінгі жағдайы, олардың құрылымы мен жұмысы туралы кең мағлұмат берді.

Дәрістің екінші бөлімі осы кітапханаларда сақталған Орталық Азияға қатысты қолжазбаларды таныстыруға арналды. Ришелье атындағы Франция ұлттық кітапханасында сақталған парсы тіліндегі қолжазбалар ислам дәуіріндегі VII-XX ғғ. жататыны, оның ішінде моңғолдар дәуірінің «Тарих-и Жахангушай», «Джами ат-Таварих» кітаптарының қолжазбалары,  Қадыр Әли бек Жалайырдың «Жами ат-Тауарих» шығармасының қолжазбасы және  т.б. қолжазбалар туралы айтылды.

 Дәрістің келесі бөлігінде Франциядағы парсы тіліндегі қолжазбалардың  каталогтары, жасалу тарихы және оларды құрастырған француз шығыстанушылары туралы мағлұмат берілді. Дәрісте сондай-ақ парсы тіліндегі қолжазбалардың негізінен Иран (1 млн), Үндістан (500 мың), Түркия (500 мың), Орталық Азия (100 мың), Ресей, Франция, Англия, Германия, АҚШ және т.б. елдердің қолжазба қорларында сақталып отырғаны атап өтілді.

Ғ.Ә. Қамбарбекова ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің (бакалавриат) және Тегеран университетінің (Иран) түлегі (магистратура, докторантура). Филология ғылымдарының кандидаты, Оксфорд университеті қолжазбатану ұйымының (The Islamic Manuscript Association) мүшесі.

 

 

Айман Боранбаева

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының

аға оқытушысы