- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ -8 және ТДМ - 9 шеңберінде Аталыкова Назым Султангалиенаның докторлық диссертациясын алдын ала қорғау
ТДМ -8 және ТДМ - 9 шеңберінде Аталыкова Назым Султангалиенаның докторлық диссертациясын алдын ала қорғау
Бүгін, 2026 жылғы 23 қаңтарда, сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде Тұрақты даму мақсаттары аясындағы ғылыми семинар шеңберінде, атап айтқанда ТДМ–8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» және ТДМ–9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» бойынша Аталыкова Назым Султангалиевнаның докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы өтті.
«Қазақстан алтынкенорындарындағыкарьер кемерітұрақтылығын зерттеуәдістемесін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмыс 8D07302 – «Геоинформатика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (Ph.D.) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылды. Іс-шара гибридті форматта өткізілді.

Аталыкова Назым Султангалиевнаның аталған диссертациялық жұмысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз үйлеседі және тау-кен өндіру саласының орнықты дамуына ғылыми негіз қалыптастырады.
Зерттеу, ең алдымен, Тұрақты даму мақсаты № 9 (Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым) аясында тау-кен өндірісіндегі өндірістік инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған. Карьер кемерлерінің тұрақтылығын бағалау және болжаудың заманауи әдістемесін әзірлеу геотехникалық тәуекелдерді төмендетуге және инновациялық инженерлік шешімдерді өндірістік тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, диссертациялық жұмыс Тұрақты даму мақсаты № 8 (Лайықты жұмыс және экономикалық өсу) талаптарына толық сәйкес келеді, себебі ол еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өндірістік жарақаттану тәуекелдерін азайтуға және орнықты экономикалық өсуді қолдауға бағытталған. Карьер кемерлерінің тұрақтылығын ғылыми тұрғыда зерттеу тау-кен кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Алдын ала қорғау барысында ізденуші зерттеудің негізгі нәтижелерін баяндап, жұмыстың ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын негіздеді, сондай-ақ оның орнықты дамудың басым бағыттарына сәйкестігін көрсетті. Диссертациялық зерттеудің БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысы, тау-кен саласындағы инженерлік инфрақұрылымның қауіпсіздігін арттыруға, геотехникалық тәуекелдерді төмендетуге және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталғаны ерекше атап өтілді.
Талқылау қорытындысы бойынша диссертациялық жұмысқа оң баға беріліп, айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, оны келесі қорғауға ұсыну туралы шешім қабылданды.
Ғылыми жетекшілер:
Отандық ғылыми кеңесші: Джангулова Г.К. – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, (Алматы, Қазақстан).
Шетелдік ғылыми кеңесші: Наджи Йыстыклы – PhD, профессор (Стамбул қ., Түркия мемлекеті).
Рецензенттер:
Орынгожин Е.С – т.ғ.д., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ картография және геоинформатика кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан).
Пентаев Т.П. – т.ғ.д., ҚазҰАЗУ жер ресурстары және кадастр кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан).