«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты
23.01.2026 ж. сағат 15:00-де 3-2 аудиторияда «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттерімен «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыру, азаматтық жауапкершілікті нығайту.

Тәрбие сағаты барысында Қазақстан Республикасының тарихы, тәуелсіздік жолындағы жетістіктері, мемлекеттік рәміздердің маңызы, елдің мәдени және рухани құндылықтары туралы ақпарат берілді. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, Қазақстанның болашағы туралы пікірталасқа белсенді қатысты.
Сонымен қатар, патриоттық тақырыпта сұрақ-жауап ұйымдастырылып, студенттердің елге деген көзқарасы мен танымдық белсенділігі артты.
Іс-шара соңында білім алушылар Отанға қызмет етудің маңыздылығын түсініп, патриоттық құндылықтарды дәріптеудің қажеттілігі туралы қорытынды жасады.
Ұйымдастырушы: «6В01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1 курс топ эдвайзері, PhD, доцент м.а. Утемгалиева Н.А.
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақтың кепілі!
Басқа жаңалықтар