- Басты бет
- Жаңалықтар
- Топырақтану қызметіндегі цифрлық технологиялар: Ө. О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты “ҚазТАҒЗИ”-да өткен тренинг
Топырақтану қызметіндегі цифрлық технологиялар: Ө. О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты “ҚазТАҒЗИ”-да өткен тренинг
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 15-мақсатын іске асыру аясында Ө. О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты “ҚазТАҒЗИ” базасында 2026 жылғы 21–27 қаңтар аралығында «GIS-Soil: Қазіргі заманғы топырақтанушының цифрлық құралдары» атты 5 күндік оқыту тренингі өтті.
Бағдарламаның жетекшісі – PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы, сондай-ақ ҚазТАҒЗИ-ның топырақ географиясы, генезисі және бағалау бөлімінің ғылыми қызметкері Ершибулов Азамат Қайратұлы.
Іс-шара жас ғалымдар мен институт қызметкерлерінің қашықтан зондтау әдістері мен геоақпараттық жүйелерді терең меңгеруіне бағытталды. Курс аясында келесі мәселелер қарастырылды:
-
ҚЗЖ-ны ғылыми практикаға интеграциялау: Landsat 9 және Sentinel-2 көпарналы спутниктік суреттерін пайдалана отырып, топырақтың тұздану динамикасын мониторингтеу және вегетациялық индекстерді бағалау.
-
Кеңістіктік модельдеу: Далалық зерттеулердің нүктелік деректерін жоғары дәлдіктегі цифрлық картограммаларға айналдыру үшін интерполяция әдістерін (IDW, кригинг) қолдану.
-
Цифрлық картография: Зерттеу нәтижелерін рәсімдеу және халықаралық рецензияланатын журналдар мен мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай соңғы карта макеттерін дайындау.
Аталған интенсив Қазақстанның топырақ ресурстарын мониторингтеу, бағалау және сақтау бойынша институттың ағымдағы жобаларына озық ГИС-технологияларды енгізуге ықпал етеді.




Басқа жаңалықтар