- Басты бет
- Жаңалықтар
- Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде тәжірибе алмасу өтті.
Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде тәжірибе алмасу өтті.
2026 жылдың 26 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы Шакирова Гулимшат Сатыбалдиевна эксперт ретінде іссапармен барып, петрография және минералогия бойынша оқу коллекцияларымен жұмыс жүргізді. Тәжірибе алмасу барысында оқу коллекцияларын жаңа стандарттарға сай реттеу және жетілдіру мәселелері талқыланды.

Тәжірибе алмасу аясында студенттерге арналған дәріс өткізіліп, петрография және минералогия бағытындағы оқу коллекцияларын оқу үдерісінде тиімді қолданудың маңыздылығы айтылды. Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ 17-мақсаты – серіктестік арқылы тұрақты дамуға қол жеткізуге бағытталды.

Дәріс барысында теориялық білім практикалық мысалдармен ұштастырылып, студенттердің кәсіби қызығушылығы артты.
Аталған сапар екі жоғары оқу орны арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, академиялық әріптестікті дамытуға және тәжірибе алмасу арқылы сапалы білім беруді жетілдіруге мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар