- Басты бет
- Жаңалықтар
- Заңды білу — өз құқықтарын қорғаудың негізі, ал тәртіпті сақтау — қауіпсіз әрі әділетті қоғамның кепілі.
Заңды білу — өз құқықтарын қорғаудың негізі, ал тәртіпті сақтау — қауіпсіз әрі әділетті қоғамның кепілі.
28 қаңтар, 2026
Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы Сұлтанғазина Маржан Нұрланқызы 28 қаңтар күні «Заң және тәртіп» тақырыбында «6В07107 – Электроэнергетика» білім беру бағдарламасының 241-топ студенттері үшін кураторлық сағат өткізді.
Кездесу барысында құқықтық мәдениет, заңға құрмет, жеке жауапкершілік және қоғамдық тәртіптің маңызы мәселелері талқыланды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті және өмірлік жағдайларды қарастырды. Мұндай кураторлық сағаттарды өткізу білім алушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар
5 ақпан, 2026
5 ақпан, 2026