- Басты бет
- Жаңалықтар
- Физика-техникалық факультеттің профессор-оқытушылар құрамы жасанды интеллектті қолдану жөніндегі вебинарға қатысты. ТДМ 4
Физика-техникалық факультеттің профессор-оқытушылар құрамы жасанды интеллектті қолдану жөніндегі вебинарға қатысты. ТДМ 4
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы білім беру және басқару қызметінде жасанды интеллект құралдарын қолдануға арналған кәсіби вебинарға қатысты.
Вебинар аясында Microsoft AI экожүйесінің мүмкіндіктері, соның ішінде Copilot пен Azure AI, сондай-ақ жұмыс процестерін автоматтандыру, басқару тиімділігін арттыру, аналитика жүргізу және құжаттармен жұмыс істеу мақсатында жасанды интеллектті қолданудың практикалық сценарийлері қарастырылды. Басқарушылық міндеттерді басымдыққа қою, командалық жұмысты үйлестіру, аналитикалық есептер дайындау және ИИ-құралдарын пайдалана отырып басқарушылық шешімдер қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар жасанды интеллекттің дамуындағы өзекті үрдістермен, Microsoft Copilot жүйесінің жаңа функцияларымен және оларды білім беру мен ғылым саласындағы кәсіби қызметке енгізу жөніндегі ұсынымдармен танысты. Вебинар соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, цифрлық және аналитикалық құзыреттерді одан әрі арттыруға арналған пайдалы ресурстар ұсынылды.
Мұндай оқыту іс-шараларына профессор-оқытушылар құрамының қатысуы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы біліктілікті арттыруға, заманауи ИИ-құралдарын білім беру үдерісі мен ғылыми қызметке енгізуге, сондай-ақ университеттің цифрлық мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Аталған бастамаларды іске асыру Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда ТДМ 4 – «Сапалы білім» мақсатына сәйкес келеді және инновациялық білім беруді дамыту мен ғылыми-білім беру ортасының цифрлық трансформациясына бағытталған.
Басқа жаңалықтар