Студенттер үйіндегі тұрмыс жағдайы және тәрбие жұмысы мәселелері
2026 жылғы 29 қаңтар күні сағат 18:00 де №16 Студенттер үйінде Экономика және бизнес жоғары мектебінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары И.У. Кулиевтің, Бизнес-технология кафедрасының меңгерушісі З.Б. Ахметованың, экономика кафедрасының аға эдвайзері Д.Р. Тураровтың және студент белсенділерінің қатысуымен студенттермен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – студенттер үйіндегі жалпы жағдаймен танысу, студенттердің тұрмыс-тіршілігін, бөлмелердің тазалығы мен ішкі тәртіп ережелерінің сақталу деңгейін талқылау болды. Кездесу барысында студенттердің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, бірқатар мәселелер қаралды.
З.Б. Ахметова студенттерге түрлі мәдени және танымдық іс-шараларды ұйымдастыруда қолдау көрсетуге және оларды бірлесе өткізуге дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ ол өзінің студенттік өміріндегі қызықты сәттермен бөлісіп, әсерлі әңгіме өрбітті.
Басқа жаңалықтар