- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: адам құқықтары мен институционалдық жаңғырудың негізі
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: адам құқықтары мен институционалдық жаңғырудың негізі
Пікір
Қонституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңының жобасын көпшілікке ұсынды. Бұл Жоба азаматтар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардан түскен ұсыныстардың, ашық талқылаулардың және құқықтық нормаларды жан-жақты пысықтаудын нәтижесінде әзірленді. Реформа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламент құру бастамасынан бастау алды және 2025 жылғы Жолдауда жарияланған еді. 2025 жылдың қазанында Парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, азаматтардан мыңдаған ұсыныс жиналды. Конституцияның жаңа жобасының мақсаты ретінде – адам құқықтарын, бостандықтарын басты бағдар ретінде айқындау, саяси институттардың тиімділігін арттыру және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын бекіту. 2020 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда реформаның маңызы айтылды. Қаңтардың 21 күні Конституциялық комиссия құрылып, құрамында қоғамның түрлі топтары өкілі бар 130 адам қамтылды. Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын басты бағдар ретінде айқындау, саяси институттардың тиімділігін арттыру және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын бекіту. Преамбулада адам құқықтары, бірлік пен келісім, егемендік, заң мен тәртіп сияқты құндылықтар жарияланды. Сондай-ақ цифрландыру, зияткерлік меншік, адвокатура қызметі және мемлекеттік басқарудың жаңа институттары туралы ережелер енгізілді. Жобаға сәйкес 145 депудаттан тұратын бір палаталы парламент-құрылтай құрылыды, Қазақстанның Халық кеңесі жаңа консультативтік орган ретінде орнығады және вице-президент институты енгізіледі. Жаңа конституция жобасындағы өзгертулерді дұрыс деп санаймын. Бұл өзгеріс Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін береді деп ойлаймын. Жаңа Ата заң бізге адам құқықтарын басты құндылық ретінде айқындайды. Ол әділеттілік, заң мен тәртіп, зайырлылық, цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау және адами капиталға негізделген даму бағытын бекітіп береді. Қорытынды шешім Жалпы Ұлттық референдумда қабылданады.
Бейсенбаев Ж.Т., э.ғ.к, ассистент-профессор