- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ «Теңіз экожүйесінің адами ластануының алдын алу шаралары» атты ашық білім беру сағатын өткізді. Мақсаты: Тұрақты даму мақсаттары 14 шеңберінде тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану.
ҚазҰУ «Теңіз экожүйесінің адами ластануының алдын алу шаралары» атты ашық білім беру сағатын өткізді. Мақсаты: Тұрақты даму мақсаттары 14 шеңберінде тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану.
Оқытушылық тәжірибесінің бөлігі ретінде және Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 14) сәйкес, 2026 жылдың 2 ақпанында ҚазҰУ-дың биомедицина мамандығы бойынша оқитын екінші курс студенттері (6B05108) биофизика, биомедицина және неврология кафедрасының доценті, ф.ғ.д. Л.Б. Умбетьярованың жетекшілігімен «Теңіз экожүйесінің адами ластануының алдын алу шаралары» атты ашық білім беру сағатын өткізді.
Ашық білім беру сағатының мақсаты теңіз экожүйесінің адами ластануының алдын алудың маңызды шараларын талқылау болды. Іс-шара экожүйе мәселелеріне, адам іс-әрекетіне және мұхиттардың, теңіздердің және теңіз ресурстарын тұрақты пайдалануға бағытталған.
Бакалавриат студенттері теңіз экожүйесінің адам әрекетінен ластануының алдын алу шараларына бағытталған тәрбие сағатының тақырыбы бойынша презентация ұсынды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Іс-шараға әртүрлі топтардың өкілдері қатысты:
- Биология және биотехнология факультетінің биомедицина мамандығы бойынша оқитын екінші курс студенттері;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің Биофизика, биомедицина және неврология кафедрасының оқытушылары, PhD Л.Б. Үмбетьярова; және докторант Назым Исаева.
Тәрбие сағаты алынған білімді бекіту үшін викторинамен аяқталды. Викторина сұрақтары теңіз экожүйесінің адам әрекетінен ластануының алдын алу шараларын қамтыды. Студенттер жоғары білім деңгейін көрсетті және белсенді қатысты.
Іс-шара туралы жазба:https://www.instagram.com/reel/DTQMUziCJwI/?igsh=bjNmb3RtZ2wyYnVp
#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU
Басқа жаңалықтар