Қиыр Шығыс кафедрасында Бункё Гакуин университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып қайтқан студенттермен кездесу өттіFarabi University

Қиыр Шығыс кафедрасында Бункё Гакуин университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып қайтқан студенттермен кездесу өтті

4 ақпан, 2026

2026 жылғы 30 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Жапонтану бөлімінде Жапонияның Бункё Гакуин университетінде (文京学院大学) бір семестрлік академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алып қайтқан кафедра студенттері Кемелхан Абылайхан мен Әділхан Даниалдың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде жинақтаған тәжірибелерімен бөлісіп, Бунке Гакуин университетіндегі оқу үдерісінің ерекшеліктері, Жапониядағы студенттік өмір, тұрмыс жағдайы, жапон студенттерімен қарым-қатынас орнату тәжірибесі және мәдени ортаға бейімделу мәселелері жөнінде кеңінен баяндады.

Сонымен қатар, кездесуге қатысқан кафедра студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, академиялық ұтқырлыққа қатысты пайдалы әрі нақты жауаптар алды. Бұл өз кезегінде шетелде білім алуға қызығушылық танытып жүрген студенттер үшін маңызды ақпарат көзі болды.

Іс-шара еркін әрі жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға мотивация беретін мазмұнды кездесу ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.