ҚазҰУ музейіне Чжанцзяцзе колледжі делегациясы келді
4 ақпан, 2026
ҚазҰУ музейінде Чжанцзяцзе колледжінің делегациясы қонақта болды. Кездесу барысында қонақтар университеттің тарихымен, ғылыми жетістіктерімен және академиялық дәстүрлерімен танысты.
Делегация мүшелері ҚазҰУ-дың құрметті профессорларының қызметіне, сондай-ақ университеттің үздік түлектерінің кәсіби жолына ерекше қызығушылық танытты. Бұл ҚазҰУ-дың халықаралық білім беру кеңістігіндегі беделін және ғылыми сабақтастығын айқындайды.
Осындай кездесулер білім мен мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосады.

