- Басты бет
- Жаңалықтар
- Заң факультеті студенттерінің Алматы қаласы Полиция департаментінде танысу экскурсиясы
Заң факультеті студенттерінің Алматы қаласы Полиция департаментінде танысу экскурсиясы
2026 жылғы 3 ақпанда білім алушылардың практикалық даярлық деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің студенттері Алматы қаласы Полиция департаментіне таныстыру экскурсиясымен барды.
Экскурсияға ЮП-124, ЮП-224 және ПК-129 оқу топтарының студенттері қатысты. Болашақ заңгерлер үшін мұндай көшпелі сабақтар ерекше маңызға ие, себебі олар құқық қорғау органдарының практикалық қызметі мен құқық қолдану тәжірибесінің ерекшеліктері туралы тұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сапар барысында студенттерге:
- ішкі істер органдарының қызметін үйлестіру мен жедел әрекет етуін қамтамасыз ететін Жедел басқару орталығының (ЖБО) қызметімен танысуға;
- құқық қорғау жүйесінің қалыптасуы мен дамуы тарихын көрсететін Алматы қаласы Полиция департаментінің мұражайын аралауға;
- криминалистикалық полигонды қарап, криминалистикалық қызметтің практикалық аспектілерімен, дәлелдемелерді тіркеу және зерттеу әдістерімен танысуға мүмкіндік берілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің практикалық білімін тереңдетуге, кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, сондай-ақ университет пен ішкі істер органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде заң білімінің сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті көрсетілген қолдау, кәсібилік және болашақ құқық саласы мамандарын даярлауға қосқан үлесі үшін Алматы қаласы Полиция департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіреді.
Іс-шара ПК-129 тобының кураторы — Сагалбаева Роза Ерғалықызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының ассистент-профессоры тарапынан ұйымдастырылды.