«Жаңа Конституция – азаматқа қызмет ететін мемлекетке қадам»Farabi University

«Жаңа Конституция – азаматқа қызмет ететін мемлекетке қадам»

5 ақпан, 2026

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті Химия және химиялық технология факультетінде еліміз үшін аса маңызды, әрі өзекті тақырыпқа арналған
«Жаңа Конституция – азаматқа қызмет ететін мемлекетке қадам» атты семинар өтті. Конституция – мемлекеттің құқықтық негізі ғана емес, ол азамат пен мемлекет арасындағы өзара сенімнің, жауапкершіліктің және теңдіктің кепілі. Соңғы енгізілген өзгерістер елімізде «еститін мемлекет», «әділетті қоғам», «адам құқығы – басты құндылық» қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын білеміз. Бүгінгі семинардың мақсаты – Конституциялық реформалардың мәні мен маңызын талқылап қана қоймай, олардың азаматтардың күнделікті өміріне, құқықтық мәдениетіне және қоғамдық белсенділігіне қалай әсер ететінін саралау.

Семинарда аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының доценті Кумаргалиева С.Ш., органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының профессор міндетін атқарушы Үркімбаева П.И.,  физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының аға оқытушы Наренова С.М., химиялық физика және материалтану кафедрасының аға оқытушысы Головченко О.Ю. және жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Рыскалиева Р.Г. өз пікірлерін ортаға салып, факультеттің оқытушы-профессор құрамының ашық пікір алмасуы болды.

 

Факультеттің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі

декан орынбасары Жақсылықова Г.Ж.