Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұловтың 70 жылдығына арналған Ғылыми Кеңесі өтеді

28 сәуір, 2016

ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері», әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚазҰУ аясындағы ЭТФ ҒЗИ ғылыми жетекшісі Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұловтың 70 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 50 жылдығына арналған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми Кеңесінің, ҚР Жоғарғы мектеп Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының 2016 жылдың 30-сәуірінде сағат 12.00-де әл-Фараби кітапханасында өтетін салтанатты жиналысы өтеді.

 

ҚОЖАМҚҰЛОВ

ТӨЛЕГЕН ӘБДІСАҒИҰЛЫ

ҚР ҰҒА академигі,

физика-математика

ғылымдарының докторы, профессор,

«Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және

техника қайраткері», Әл-Фараби атындағы

ғылым мен техника саласындағы ҚР 2015 жылғы

Мемлекеттік Сыйлықтың лауреаты

 

Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов – төре физика төрағасы, біртуар физик-теоретик, Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР 2015 жылғы Мемлекеттік Сыйлықтың лауреаты, өрістің кванттық теориясы саласындағы аса ірі маман. Ол калибрлеулік өрістерді стохастикалық кванттау атты жаңа ғылыми бағыт дамытты. 1986 ж. Т.Ә. Қожамқұлов КСРО-да тұңғыш болып УКСР ҒА Теориялық физика институтында торлық калибрлік теория бойынша «Калибрлеулік өрісті торларда стохастикалық кванттау» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ол халықаралық және республикалық мамандандырылған рефериленетін басылымдарда физиканың кванттық хромодинамика, ядро және элементар бөлшектер теориясы, салыстырмалық және гравитация теориясы сияқты салалары бойынша 300-ге тарта ғылыми еңбектерін жариялаған. Ол қатарында ғылымның ең жаңа бағыты бойынша құнды тұңғыш еңбек ретінде әлемнің ғылыми қоғамымен кеңінен мойындалған «Өріс теориясындағы стохастикалық кванттау» бар үш моногрфияның авторы. Академик Т.Ә. Қожамқұлов құрған ғылыми мектеп дүниежүзіне танымал болды. Оның шәкірттері мен ізбасарлары Ресей, АҚШ, Австрия, Франция, Израиль, Ұлыбритания, Италия, Жапония және т.б. шетелдердің ғылыми орталықтарында жемісті еңбек етуде.

Т.Ә. Қожамқұловтың алғашқы ғылыми жұмыстары гравитацияның релятивтік теориясы бойынша студенттік жылдары жарияланған. Ол 21 жасында аты аңызға айналған КСРО ҒА А.Ф. Иоффе атындағы Ленинград ФТИ-ның дәстүрлі екі жылдық алдын ала ғылыми стажировкасынан өтпестен аспирантураға бірден қабылданды. Бұл физтех тарихында теңдесі жоқ оқиға. Ол Л.Д. Ландау мен Е.М. Лифшицтың танымал тоғыз томдық теориялық физика курсын толық көлемде меңгерген бірінші және дара қазақстандық. Кандидаттық диссертациясы атом ядросы теориясы бойынша жазылған.

Оның табиғи талантының жарқырап ашылуында КСРО ҒА Б.П. Константинов атын-дағы ЛЯФИ-дың жыл сайынғы мектебі және ұстазы, Нобель сыйлығының Лауреаты Л.Д.Ландаудың серіктесі академик.

А.Б. Мигдалдың теориялық семинарлары баға жетпес рөл атқарды.Т.Ә. Қожамқұлов – КСРО ҒА Л.Д.Ландау атындағы ТФИ-дың элитарлық физик-теоретиктері ғылыми ортасы қабылдаған бірден-бір отандасымыз.

Профессор Т.Ә. Қожамқұлов инновациялық зерттеулердің нәтижелерін оқу процесіне енгізумен белсенді түрде айналысады. Ол «Кванттық хромодинамика», «Тордағы калибрлеулік теориялар» атты жаңа арнайы курстар жасады, «Кванттық механика» атты қазақ тіліндегі тұң-ғыш оқулық жарыққа шықты.

Т.Ә. Қожамқұлов – «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» ата-ғына ие болған ғылымның ірі ұйымдастырушысы. Ол Қазақстанда ЖОО жанындағы алғашқы ҒЗИ болған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аясындағы Эксперименталдық және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының құрушысы және алғашқы директоры. Академиктің «қол тумасы» оның басқа жетістіктерін кемітпестен, шығармашылық және ғылыми қызметінің басты мағынасына айналды. Қай қызметте болмасын, қай деңгейінде жұмыс жасамасын, оның Институтпен ғылыми байланысы ешқашан үзілмеген. Ол бағдарламаларға, жобаларға және институтқа ғылыми жетекшілік жасады. Академик Т.Ә. Қожамқұлов институтта жүзеге асырылған «Бейсызық үрдістер және заттардың құрылымдық өзін өзі ұйымдастыруы» атты Республикалық жоғары оқу орындары аралық ізденістік және қолданбалы зерттеулер бағдарламасының, сондай-ақ «Гравитациялық, электромагниттік, күшті және әлсіз әсерлесулерді теория-лық зерттеу» атты іргелі зерттеулердің басымдылық бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми бағдарламасының бас жасаушысы және ғылыми жетекшісі болды. Қазіргі уақытта «Заманауи физиканың іргелі мәселелерін ҚР индуст-риялыинновациялық дамуының негізі ретінде зерттеу» атты бағдарламаның тең жетекшісі, халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға белсенді түрде қатысады. Көрнекті оқиға ретінде 2015 жылы Институттың алты қызметкерлері – Т.Ә. Қожамқұловты санағанда физиктердің үш буыны ҚР Мемлекеттік Сыйлығының Лауреаттары болғанын айтсақ болады. Мұндай жоғары жетістікке мемлекетіміздің ешбір ғылыми немесе басқа мекемелері ие болмаған.

Т.Ә. Қожамқұлов – басты мақсаты жоғары мектепте ғылымның дамуына жәрдемдесу және оның жетістіктерін қоғамның әл-ауқаты мен рухани әлеуетін жоғарылатуға барынша қолдану болып табылатын Қазақстанның жоғары мектебі Ғылым Академиясын (ЖМ ХҒА Қазақстандық бөлімшесі) құрудың бастамашыларының бірі.

Оның ректор болған жылдары Талдықорған университеті барлық жағынан құлпырып І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті статусына ие болды.

Мемлекетіміздің көшбасшы ЖОО әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тізгінін ұстаған жылдары Т.Ә. Қожамқұлов университетті жоғары халықаралық деңгейге көтерді.

2003 ж. Т.Ә. Қожамқұлов Болонья қ. (Ита­лия) Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Сол арқылы ҚазҰУ Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш ЖОО – Болоньялық үрдістің толық құқықты қатысушысы бол-ды және сол арқылы Қазақстанның Жоғары мектебінің заманауи әлемдік білім беру кеңіс-тігіне тікелей интеграциялануына жол салды.

Ректор Т.Ә. Қожамқұловтың бастамасымен және Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен, ҚазҰУ қалашығының көп жылға жұмысы тоқтап қалған ІІ кезеңінің (іргелі-ғылыми кітапхана, оқу-зертханалық корпустар, дәріс және спорт залдары, жатақханалар және т.б. 14 нысанды қамтитын) құрылысы басталады. Құрылыстың Бірінші тасын 2004 жылдың 8 қыркүйегінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев қалады.

2005 ж. Университет бакалаврлар мен магистрларды дайындаудың кредиттік технологиясына толық өтті. Сол жылы елімізде тұңғыш рет ҚазҰУ-да әлемнің ең ірі университеттерінің жетекші ғалымдарының қатысуымен «сэндвич-бағдарлама» бойынша 65 PhD – ғылым докторларын дайындау басталды. Олар 2008 жылы оқуын сәтті тәмамдады. 67 мамандықтар бойынша докторлық диссертациялар қорғаудың 25 мамандандырылған кеңестері жұмыс жасады. Қазақстан-Үнді ақпараттық технологиялар орталығы, Қытай тілі орталығы, Еуропалық құжаттама орталығы және т.б. ашылды.

2008 ж. қарай ҚазҰУ-дың 14 факультет, 102 кафедра, 7 ҒЗИ, 12 ғылыми орталықтарында ғылым докторлары, профессорлар саны 300-ге, ал ғылым кандидаттары мен доценттер саны 800-ге жетті. Оқыту сапасы жақсарды. 100 үздік студенттер Президент шәкіртақысы иегерлері болды. Студенттердің спорттық және мәдени өмірі жанданды. 2001 жылы тек 1 СШК, 16 бірінші разрядтық ғана болса және еш спорт шебері болмаса, 2008 жылға қарай 34 спорт шебері, 12 халықаралық класты спорт шебері, 61 СШК, 384 бірінші разрядтық, олардың ішінде 16 Олимпиадалық, 44 Ұлттық құрама мүшеле-рі болды.

Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында 20 үйірме («Фараби сазы» халық аспаптары оркестрі, «Махаббат» би-хореографиялық тобы, хор, КВН, эстрадалық үйірме, «Жас ақындар» үйірмесі және т.б.) ұйым­дастырылды. Мемлекетіміздің ЖОО-ларында аналогы жоқ Жастар рухани орталығы мен «БІЗ» студенттік драма театры құрылды.

2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетістіктерінің жарқын көрсеткіші ретінде ЖОО ішінде тұңғыш рет ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсыруымен «Алтын сапа» сыйлығын иеленді.

Т.Ә. Қожамқұлов «Парасат» және ІІ-ші дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталды.

Академик Т.Ә.Қожамқұлов бірқатар жетекші шетел университеттерінің Құрметті профессоры.