ҚазҰУ мен Қ.А. Ясауи атындағы университет арасындағы ынтымақтастық кеңеюдеFarabi University

ҚазҰУ мен Қ.А. Ясауи атындағы университет арасындағы ынтымақтастық кеңеюде

6 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химиялық физика және материалтану кафедрасына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экология ғылыми-зерттеу институтының директоры Ахметов Н. және жас ғалымдар тобы ғылыми байланыс орнату және тәжірибе алмасу мақсатында жұмыс сапарымен келді.

Кездесу барысында тараптар ғылыми ынтымақтастықты дамыту, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе алмасу, сондай-ақ экология, материалтану және химиялық физика салаларындағы өзекті ғылыми бағыттар бойынша пікір алмасты. Болашақта ортақ ғылыми жобалар мен гранттық бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері де талқыланды.

Мұндай кездесулер жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы серіктестікті нығайтуға, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға және ғылым мен білімнің интеграциясын дамытуға маңызды үлес қосады.

Ұйымдастырушы:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Химиялық физика және материалтану кафедрасы
Кафедра меңгерушісі, PhD, доцент
Тауанов Жандос Турегулович