"Заң мен тәртіп”. “Студент және құқықтық жауапкершілік”
“Заң мен тәртіп” аясында 06.02.26 #13 студенттер үйінде “Студент және құқықтық жауапкершілік” тақырыбында семинар өтті. Семинардың басты мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, жатақханада тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу болды. Семинарға ҚАЛШАЕВ Есенғали Турлыбекович- Студенттік қалашық директоры орынбасары, Дихан Берік Қуанышбайұлы- Студенттік қалашық бас маманы, Сатыбалдиева Бахыткуль Бахытбековна- Студенттік қалашық бас маманы, Тұрсынбай Жазира Зұлқайырқызы-Студенттік қалашық бас маманы және комендантымыз Мансия апай қатысты. Семинар барысында жатақханада тұратын студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамалары, студенттердің құқықтары мен міндеттері, тәрбие мен тазалық талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылыққа жол бермеу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар тұрмыстық мәдениет, өзара сыйластық, қауіпсіздік ережелері және жауапкершілік тақырыптары қозғалды. Іс-шара ашық пікірталас форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ойларын еркін білдірді. Бұл олардың құқықтық санасын арттырып, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етті. Жиналыс аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар жатақхана бөлмелерін аралап, студенттердің тұрмыс жағдайымен танысты. Бөлмелердің санитарлық жағдайы, тәртіп деңгейі, тұрмыстық қажеттіліктері қаралып, анықталған кемшіліктер арнайы тізімге алынды. Алдағы уақытта бұл мәселелерді шешу мақсатында Студенттік қалашық басшылығымен бірлескен жұмыстар жүргізілетін болады.
Химия және химиялық технология факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Жақсылықова Г.Ж.
