Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі ТДМ 4 – Сапалы білім мақсаттары аясында өткізілді.Farabi University

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі ТДМ 4 – Сапалы білім мақсаттары аясында өткізілді.

7 ақпан, 2026

Аталған олимпиада оқушылардың пәндік білімін тереңдету, логикалық ойлау қабілетін дамыту, дарынды және талантты оқушыларды анықтау, сондай-ақ сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Қалалық кезеңге білім беру ұйымдарынан іріктеліп шыққан үздік оқушылар қатысып, өзара білім бәсекесіне түсті.

Олимпиада барысында қатысушылардың жұмыстарын плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы Байсеитов Қасымхан әділқазы ретінде бағалады.

Олимпиада нәтижесінде жоғары көрсеткішке қол жеткізген оқушылар келесі кезеңге жолдама алды. Мұндай білім сайыстары ЦУР 4 талаптарына сай оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттырып, болашақтағы жетістіктеріне үлкен серпін береді.