ТДМ-ның 4-ші бағыты – «Заң мен тәртіп» аясындағы кездесуFarabi University
Референдум 15 марта

ТДМ-ның 4-ші бағыты – «Заң мен тәртіп» аясындағы кездесу

9 ақпан, 2026

ТДМ-ның 4-ші бағыты бойынша “Заң мен тәртіп” аясында 09.02.2026ж. сапалы білім беру мақсатында 9-студенттер үйінде  “Заң мен тәртіп-бейбіт өмірдің кепілі” атты кездесу өтті. Кездесуде Қалшаев Есенғали Турлыбекович- Студенттік қалашык директоры орынбасары, Дихан Берік
Қуанышбайұлы- Студенттік қалашык бас маманы, Сатыбалдиева Бахыткуль Бахытбековна- Студенттік Қалашык бас маманы, Тұрсынбай Жазира
Зулқайырқызы-Студенттік қалашык бас маманы, Әлеуметтік тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Аязбаева Бейбіт Бөлтекқызы және комендантымыз Иманғалиева Анар  Габдрахимовна кездесуге қатысты.

Қоғамдағы тұрақтылық пен бейбіт өмірдің негізі – заң мен тәртіпті сақтау. Осы ұстанымды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Заң мен тәртіп – бейбіт өмірдің кепілі» атты кездесуде құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік және қоғамдық тәртіптің маңызы кеңінен талқыланды. Заңды құрметтеу – әрбір азаматтың басты міндеті екені, ал тәртіп сақталған ортада ғана қауіпсіздік пен өзара сенім қалыптасатыны атап өтілді.

Кездесу барысында заң талаптарын бұзудың салдары, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары және жастардың қоғамдағы рөлі туралы маңызды ақпарат берілді. Әсіресе, студент жастардың заңға бағынуы, өз құқықтары мен міндеттерін білуі – болашақта саналы, жауапты азамат болып қалыптасудың негізі екені айтылды. Заң мен тәртіпті сақтау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір жеке тұлғаның ортақ жауапкершілігі екені түсіндірілді.

Аталған тақырып жатақхана тәртібімен тығыз байланысты. Жатақхана – көптеген жастардың бір шаңырақ астында өмір сүретін ортақ мекені. Сондықтан мұнда тәртіп пен заң талаптарын сақтау ерекше маңызға ие. Кездесуде жатақхана ішкі ережелері, қауіпсіздік талаптары, қоғамдық мүлікті қорғау, тазалық пен тыныштықты сақтау мәселелері кеңінен қозғалды. Әрбір студент жатақханада тұру барысында тек өзіне ғана емес, айналасындағыларға да жауапты екенін сезінуі қажет.

Жатақхана тәртібін сақтау – мәдениеттіліктің, өзара сыйластықтың және заңға құрметтің көрінісі. Белгіленген уақытта тыныштық сақтау, бөгде адамдарды рұқсатсыз кіргізбеу, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – бейбіт әрі жайлы өмір сүрудің басты шарттары екені атап өтілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әкімшілік пен студенттердің бірлесіп әрекет етуі маңызды екені айтылды.