«Қазақы тәрбие – рухани байлықтың бастауы»
Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің, компьютерлік ғылымдар мамандығының 2 курс қазақ тобымен «Қазақы тәрбие – рухани байлықтың бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерге қазақы тәрбиенің мәнін түсіндіру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және рухани бай тұлға қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында қазақы тәрбиенің отбасы мен қоғамдағы орны, қазіргі жастар өміріндегі маңызы туралы пікірлер айтылды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптардың тәрбиелік мәнін талқылады. Іс-шара белсенді әрі мазмұнды өтті. Қорытындысында студенттердің ұлттық тәрбиеге деген қызығушылығы артқаны байқалды, қойылған мақсаттар толық орындалды.
Куратор-эдвайзер: Спабекова Ж.Х.
Басқа жаңалықтар