«Өзін-өзі басқару – жауапкершілік пен бастама»
Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының КН_24 (қазақ тобы) студенттердің өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру, жеке жауапкершілігін арттыру, бастамашылдық пен белсенді азаматтық ұстанымын дамыту. Іс-шара кураторлық сағат барысында «Өзін-өзі басқару» ұғымының маңызы түсіндіріліп, жауапкершілік пен бастаманың студент өміріндегі рөлі талқыланды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, белсенді пікірталас жүргізді. Сонымен қатар, өзін-өзі басқарудың оқу процесі мен қоғамдық өмірдегі маңызына ерекше назар аударылды. Іс-шара студенттердің өзіндік пікір қалыптастыруына, жауапкершілікті сезінуіне және белсенді болуына ықпал етті. Кураторлық сағат өз мақсатына жетті.
Куратор-эдвайзер: Спабекова Ж.Х.
Басқа жаңалықтар