АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҺАНДЫҚ ӘРІПТЕСТІКFarabi University

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҺАНДЫҚ ӘРІПТЕСТІК

7 ақпан, 2026

 

 

ТДМ-17. Университетімздің стратегиялық даму мен сыртқы академиялық ұтқырлықты дамытуды жүзеге асыру мақсатында Корея Республикасының Сунгшин әйелдер университетімен (Сеул) өзара ынтымақтастық келісімне сәйкес журналистика факультетінің ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы 19 қаңтар мен 6-ақпан аралығында ұйымдастырған «Тұрақты даму мүддесіндегі білім: жаһандық және инновациялық процестер» атты  VI халықаралық «Жаһандық журналистика және шығыстану» қысқы мектебі өз жұмысын аяқтады. Бұл шараға факультет тарихында тұңғыш рет шетелдік студенттер қатысып, өз білімдері мен біліктіліктерін жетілдіріп қайтты.

Еліміздің мәдениеті мен өнері, жаһандық журналистика мен PR-дың даму бағыттары туралы университетіміздің профессор-оқытушылары мен осы саланың кәсіби практик мамандары дәрістер оқып, өздерінің шеберлік сағаттарын өткізді.

Бұл шараның маңызы - тұрақты даму мүддесін алға тарта отырып, халықаралық білім беру саласын жаһандық әріптестік шеңберінде нығайту және жандандыру болды.

Оңтүстік Кореядан келген студенттер арнайы біліктілік курстарынан өткені туралы ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасына қарасты «ТҮРКСОЙ» медиа білім беру және зерттеу орталығының сертификаттарымен марапатталды.

 

Орынтай Ошанова,

қауымдастырылған профессор