Студенттердің театрға баруы – рухани құндылықты қалыптастырудың маңызды тетігі 2026 жылFarabi University

Студенттердің театрға баруы – рухани құндылықты қалыптастырудың маңызды тетігі 2026 жыл

6 ақпан, 2026

2026 жылдың 6 ақпанында “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының 1-курс студенттері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына барып, сахнада қойылған «Бір түп алма ағашы» спектаклін тамашалады.

Аталған мәдени іс-шара студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, мәдени танымын кеңейту және тәрбие жұмысының мазмұнын байыту мақсатында ұйымдастырылды. Қойылымда отбасы бірлігі, адамгершілік, өмірлік таңдау, сабыр мен жауапкершілік сияқты маңызды тақырыптар көркем түрде көрініс тапты.

Спектакль студенттерге терең ой салып, ерекше әсер қалдырды. Кейіпкерлердің тағдыры мен сахналық шешімдер көрерменнің эмоциялық сезіміне ықпал етіп, жастарды өмірдің мәні мен адамдық қасиеттер туралы ойлануға жетеледі. Қойылым студенттердің рухани дүниесін байытып, құндылықтарға деген көзқарасын тереңдете түсті.

Сонымен қатар, студенттер театр кеңістігімен, сахнаның ерекшелігімен және мәдени ортаның тыныс-тіршілігімен жақыннан танысты. Театр өнеріне деген қызығушылықтары артып, эстетикалық талғамы мен мәдениетке деген құрметі нығая түсті.

Осындай мәдени іс-шаралар студенттердің рухани дамуына, мәдени дүниетанымын кеңейтуге және тұлғалық қалыптасуына маңызды ықпал етеді.

Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасы 1-курс эдвайзері Н. А. Утемгалиева, аға эдвайзер К.Б. Аширкулов, Ж. Ж. Абикенова, Г. С. Набиева