- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Ғылымдағы әйел көшбасшылар: білім мен лидерліктің тоғысы» атты семинар-тренинг
«Ғылымдағы әйел көшбасшылар: білім мен лидерліктің тоғысы» атты семинар-тренинг
2026 жылдың 11 ақпанында биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының PhD, доцент, м.а,. Үсіпбек Ботагөз Абдыханқызының ұйымдастыруымен биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының б.ғ.д., профессор Мурзахметова Майра Кабдраушевнаның «Ғылымдағы әйел көшбасшылар: білім мен лидерліктің тоғысы» атты семинар-тренингі өткізілді. Аталмыш семинарға кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты. Семинар-тренингтің мақсаты - ғылым саласындағы әйелдердің көшбасшылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету және білім мен лидерлік дағдыларын ұштастыру.

Семинар-тренинг барысында ғылым саласындағы әйелдердің көшбасшылық рөлі туралы айтылды. Қатысушыларға тиімді коммуникация, шешім қабылдау және команда басқару дағдылары жөнінде пайдалы ақпарат берілді. Сонымен қатар, кәсіби даму жолындағы кедергілер мен оларды еңсеру тәсілдері талқыланды. Мурзахметова Майра Кабдраушевна өз кәсіби және ғылыми тәжірибесімен бөлісіп, ғылымдағы жеке өмір жолы мен қалыптасу кезеңдері туралы баяндады. Ол зерттеуші әрі көшбасшы ретінде дамудың негізгі сатыларына тоқталып, табандылықтың, жүйелі ғылыми ізденістің және үздіксіз кәсіби жетілудің маңызын атап өтті. Өз тәжірибесінен келтірілген нақты мысалдар қатысушылардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын арттырып, болашақта көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ынталандырды.

Басқа жаңалықтар