Химияны оқытуда пәнаралық байланысты сақтау қажеттілігіFarabi University

Химияны оқытуда пәнаралық байланысты сақтау қажеттілігі

4 ақпан, 2026

2026 жылдың 4 ақпанында Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер кафедрасының профессоры С.М. Тәжібаева, қауымдастырылған профессорлар О.А. Есимова, М.Ж. Керимкулова, Б.Б. Тюсюпова «Алматы облысының Қарасай ауданындағы "Әл-Фараби" атындағы мамандандырылған лицейінің жаратылыстану бағыты мұғалімдерімен бірлескен «Химияны оқытуда пәнаралық байланысты сақтау қажеттілігі» тақырыбында семинар өткізді.

 

 

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім беру үдерісіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету және химия пәнін оқытуда пәнаралық интеграцияның маңызын арттыру. Семинар барысында мектеп ұжымы химия пәні бойынша зертханалық сабақтардың ұйымдастырылу ерекшеліктерімен таныстырып, оқушылардың тәжірибелік дағдыларын дамыту бағытындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Бұл бағыт Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаған Тұрақты даму мақсаты №4 – «Сапалы білім» аясындағы 4.4-тармаққа сәйкес келеді, яғни жастардың еңбек нарығына қажетті дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Өз кезегінде университет оқытушылары зертханалық сабақтарды ұйымдастыру үдерісін оңтайландыру жолдарын ұсынып, химияны физика, биология және математика пәндерімен байланыстыра оқытудың тиімді тәсілдерін атап өтті. Бұл бастама ТДМ 4.3-тармағымен үндесіп, сапалы жоғары және кәсіптік білімге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған. Сондай-ақ семинар аясында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, заманауи зертханалық құралдарды тиімді пайдалану және ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Бұл өз кезегінде ТДМ 4.c-тармағына, яғни білікті мұғалімдердің санын арттыру мен олардың кәсіби дамуын қолдауға сәйкес келеді. Аталған семинар мектеп пен университет арасындағы кәсіби серіктестікті нығайтып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды және Тұрақты даму мақсаты №4 – «Сапалы білім» міндеттерін жүзеге асыруға нақты үлес қосады.