- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да ТДМ 8 аясында «Жақсы жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбында кездесу өтті
ҚазҰУ-да ТДМ 8 аясында «Жақсы жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбында кездесу өтті
2026 жылғы 10 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму мақсаттарының 8-мақсаты – «Жақсы жұмыс және экономикалық өсу» аясында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара 6B02213 – «Музеология және тарихи-мәдени туризм» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналды. Ұйымдастырушы және жауапты оқытушы – Садығожа А.А.
Кездесу Орталық музейдің қор сақтаушысы Кәрім Оралбек мырзаның қатысуымен өтті. Іс-шараның мақсаты – музей саласындағы еңбек нарығының ерекшеліктерін түсіндіру, лайықты еңбек қағидаттарын насихаттау және мәдениет саласындағы тұрақты экономикалық дамудың маңызын көрсету.
Бағдарлама аясында келесі бағыттар қамтылды:
· «Музей ісіндегі кәсіби даму және мансаптық мүмкіндіктер» тақырыбында дәріс. Спикер музей қорын сақтау, есепке алу, ғылыми сипаттау жұмыстарының маңыздылығы туралы айтып, жас мамандарға қойылатын талаптарды түсіндірді.
· Музей саласындағы лайықты еңбек ұғымы, еңбек қауіпсіздігі және кәсіби жауапкершілік мәселелері талқыланды.
· Студенттермен ашық сұхбат ұйымдастырылып, болашақ мамандардың тәжірибеден өту, жұмысқа орналасу және кәсіби құзыреттіліктерді дамыту жолдары қарастырылды.
Іс-шараға 6B02213 – «Музеология және тарихи-мәдени туризм» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттер музей саласындағы нақты тәжірибемен танысып, тұрақты экономикалық өсуге мәдениет мекемелерінің қосатын үлесі туралы жан-жақты ақпарат алды.
Аталған іс-шара білім алушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, еңбек нарығындағы заманауи талаптарды түсінуге және ТДМ 8 қағидаттарын насихаттауға бағытталды.