Халықтың жүрегіне жол тапқан Ата Заң
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен әзірленген Ата Заңның жобасы мерзімдік баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшілік арасында кеңінен талқылануда. Ата Заңның жобасын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттері де қызу қолдауда. Осы орайда, мен де өз ойымды, көңіліме түйген мәселелерді ортаға салғым келеді. Конституцияның жаңа жобасында бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси-қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіздеген. Онда неке және отбасы, ана, әке мен баланың мемлекет қорғауында болатындығы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының заңға сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурс негізінде жоғары білім алуға құқығы барлығы айтылған. Бұлардың барлығы құптайтын да, қуана қолдайтын мәселелер. Көпшілік асыға күтіп отырған еліміздің басты Ата Заңында біздің барлық өмір тынысымыз жан-жақты қамтылған.
Жаңа Конституциядағы негізгі заңның жобасы - жай ғана құжат емес, ол мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа қоғамдық келісімнің берік негізі. Осы тарихи Конституцияның негізін алдағы болатын референдумда халық шешеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Баян Исабаева
Басқа жаңалықтар