Елге қызмет ету – азаматтық жауапкершіліктің биік көрінісіFarabi University

Елге қызмет ету – азаматтық жауапкершіліктің биік көрінісі

13 ақпан, 2026
Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы Ілесова Бақытгүл Ералықызы 1 курс кураторлық студенттеріне «Елге қызмет ету – азаматтық жауапкершіліктің биік көрінісі» тақырыбына байланысты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының басты мақсаты — жастарға азаматтық жауапкершілік, Отанға қызмет ету жолында ел алдындағы міндетті сезінудің маңызын түсіндіру.
Тәрбие сағатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) түлектері туралы сөз қозғалды. Бұл университеттің түлектері тек ғылым мен білімнің ғана емес, сонымен қатар еліміздің әлеуметтік, мәдени, және саяси салаларында да үлкен жетістіктерге жеткен тұлғалар. Олардың қатарында Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан белгілі азаматтар бар. Олардың өмірі мен еңбектері жастарға үлгі боларлықтай және елдің өркендеуіне қосқан үлестері арқылы азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетеді.
Осы тәрбие сағаты арқылы студенттер ел үшін қызмет етудің, қоғамға пайдалы болудың маңыздылығын терең түсініп, болашақта әрқайсысы өздерінің азаматтық жауапкершіліктерін орындауға деген ынта-ықылас білдірді. Сонымен қатар, олар осы тұлғалардың өмір жолынан шабыт алып, өздерінің кәсіби және қоғамдық қызметінде жоғары моральдық қағидаттарды ұстануға тырысатындығын атап өтті.
Бұл тұлғалар қатарында:
Қаныш Сәтпаев — Қазақтың ұлы ғалымы, геолог, қазақ ғылымының негізін қалаушы.
Шыңғыс Айтматов — Қазақ және қырғыз әдебиетінің классигі, жазушы, әлемге танымал тұлға.
Мұхтар Әуезов — Ұлы жазушы, ғалым, қазақ әдебиетінің алып тұлғасы.
Әзілхан Нұршайықов — Қазақ жазушысы, драматург, және сценарист. Оның ең танымал шығармасы «Махаббат, қызық мол жылдар» романы.
Мұхтар Мағауин — Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, публицист, қазақ тарихы мен мәдениетін зерттеуші.
Мұстафа Шоқай — Қоғам қайраткері, түркі әлемінің белгілі тұлғасы, ұлттық идеяны насихаттаушы.
Бауыржан Момышұлы — Ұлы Отан соғысының батыры, жазушы, халық қаһарманы.