Кітап әлемінің киелі ордасында: 1-курс ҚР Ұлттық кітапханасында
Салаға терең бойлауды жалғастырамыз! әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының 1-курс студенттері еліміздің басты кітап қазынасы — Абай атындағы Ұлттық кітапханаға барды.
Арғынбаева Макпал Халеловнаның жетекшілігімен болашақ баспагерлер мен дизайнерлер қарапайым оқырман көзіне көріне бермейтін дүниелерді тамашалады:
· Сирек фолианттар мен қолжазбалар: ұлттық кітап басу тарихына қол тигізді.
· Қалпына келтіру үдерісі: көне басылымдарға қалайша екінші өмір сыйлайтынын білді. Бұл редакторлар үшін баға жетпес тәжірибе.
· Сақтау ауқымы: әрбір данасы ұлттың мәдени кодының бір бөлігі саналатын жүйені көрді.
Ұлттық кітапхана — жай ғана мұрағат емес, бұл — өз жұмысымызда ұмтылатын эталон!
Басқа жаңалықтар