«Менеджмент» мамандығының 2 курс студенттерімен бірге өткізілген рухани демалысFarabi University

«Менеджмент» мамандығының 2 курс студенттерімен бірге өткізілген рухани демалыс

7 ақпан, 2026

Менеджмент мамандығының 2 курс, қазақ тобы студенттері 07.02.2026 ж. эдвайзерлері Аристанова Райгүл Ғазымбековнамен бірге «Әпке» қойылымын тамашалау үшін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барды.

Қойылым барысында студенттер отбасы құндылықтары, бауырмалдық, жауапкершілік пен адамгершілік тақырыптары жөнінде терең ой түйді. Спектакль кейіпкерлерінің тағдыры арқылы өмірлік маңызды мәселелер көрерменге әсерлі түрде жеткізілді. Театрға бару студенттердің мәдени-эстетикалық көзқарасын кеңейтіп, рухани дамуына оң ықпал етті. Сонымен қатар, бұл іс-шара топтың ұйымшылдығын арттырып, студенттер мен эдвайзер арасындағы байланыс нығая түсті. Қойылымнан кейін студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, көрген туындыны талқылады.