«Жасанды интеллект мемлекеттік-құқықтық пәндер бойынша семинар сабақтарын жаңғырту құралы ретінде»Farabi University

«Жасанды интеллект мемлекеттік-құқықтық пәндер бойынша семинар сабақтарын жаңғырту құралы ретінде»

12 ақпан, 2026

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы

 

Кафедрада «Жасанды интеллект - мемлекеттік-құқықтық пәндер бойынша семинар сабақтарын жаңғырту құралы ретінде» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.

 

Іс-шара барысында оқытушылар жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің заманауи тәсілдерін, семинар сабақтарының тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін, заңгер студенттердің цифрлық құзыреттерін дамыту мәселелерін және мемлекеттік-құқықтық пәндерді оқыту әдістемесінің трансформациясын талқылады.

 

Ерекше назар мына бағыттарға аударылды:

▫️ кейстер, тапсырмалар және аналитикалық материалдар дайындауда ЖИ қолдану;

▫️ студенттердің сыни ойлау қабілеті мен академиялық адалдығын дамыту;

▫️ цифрлық білім беру ортасында оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттесуінің жаңа форматтары.

 

Семинар тәжірибе алмасу, педагогикалық практикаларды талқылау және заңгерлік білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа әдістемелік шешімдер әзірлеу алаңына айналды.