- Басты бет
- Жаңалықтар
- ALEM TECH FEST 2026 аясындағы RoboCup Rescue жарысында робототехникалық жүйелер студенттерінің жетістігі
ALEM TECH FEST 2026 аясындағы RoboCup Rescue жарысында робототехникалық жүйелер студенттерінің жетістігі
16 ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында Қазақстанды цифрлық технологиялары дамыған мемлекетке айналдыру мемлекеттің басым бағыттарының бірі екенін атап өткен, сондай-ақ 2026 жылды Жасанды интеллект жылы ретінде айқындау бастамасын көтерген. Бұл бастамалар елдің технологиялық дамуын жеделдетумен қатар, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ЦУР), атап айтқанда Сапалы білім беру (ЦУР 4), Инновациялар және инфрақұрылым (ЦУР 9), Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар (ЦУР 11) және Мақсаттар жолындағы серіктестік (ЦУР 17) бағыттарын жүзеге асыруға бағытталған.
Осы стратегиялық бағыттарды іске асыру аясында USTEM Foundation қоғамдық қоры 2026 жылғы 11–13 ақпан аралығында Астана қаласында, EXPO Халықаралық көрме орталығында ALEM TECH FEST 2026 ауқымды техно фестивалін өткізді.
ALEM TECH FEST 2026 жасанды интеллект, робототехника, инженерлік технологиялар, дрондар және цифрлық инновациялар бағыттарын қамтитын технологиялық платформа ретінде ұйымдастырылып, жастардың инженерлік ойлауын дамытуға, практикалық дағдыларын арттыруға және болашақ технологиялық мамандықтарға бағдар беруге бағытталды. Фестивальдің негізгі мақсаты – заманауи технологиялар арқылы білім мен ғылымды дамыту, инновациялық экожүйені қалыптастыру және ЦУР талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандар даярлауға үлес қосу.
Аталған фестиваль аясында жоғары білім беру ұйымдарының студенттеріне робототехника, жасанды интеллект және дрон технологиялары бойынша келесі халықаралық және республикалық жарыстар ұйымдастырылды:
● Physical AI Championship
● RoboCup Rescue (робот-иттер)
● FPV Simulator Racing
● Whoop Racing (микро-дрондар)
● Drone Soccer
● Alem Drone Challenge
RoboCup Rescue (Powered by Unitree Robotics) бағыты робот-иттерді автономды және қашықтан басқару, навигация және алгоритмдер бойынша оффлайн форматта өтетін жарыс болып табылады. Жарыс трассасы кедергілер мен QR-кодтары бар аймақтардан тұрып, қатысушылардың инженерлік шешім қабылдау, бағдарламалау және роботты басқару дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл бағыт төтенше жағдайларда қолданылатын робототехникалық шешімдерді дамыту арқылы ЦУР 9 мақсатымен тікелей байланысты.
Фестивальге “Цифрлық технологиялар және робототехника” Халықаралық институты дайындаған механика кафедрасының “Робототехникалық жүйелер” білім беру бағдарламасының студенттері робот-иттерді дайындап, 2 команда болып қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
1-команда — І орын ✊
Ментор: “Цифрлық технологиялар және робототехника” Халықаралық институтының директор орынбасары Жаңаберген Дамир.
Студенттер:
1. Нәлібек Рамазан — 4 курс
2. Есен Елжас — 3 курс
3. Жақай Нұрай — 3 курс
2-команда — ІІІ орын ✊
Ментор: механика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ахметова Балжан.
Студенттер:
1. Срайлұлы Мейір — 3 курс
2. Бейсенбаев Батыр — 2 курс
3. Ғабиденқызы Мадина — 4 курс
Аталған жетістіктер студенттердің инженерлік құзыреттілігін арттырумен қатар, технологиялық білім беру сапасын дамытуға және еліміздің инновациялық әлеуетін нығайтуға үлес қосады. Бұл — Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес білім, ғылым және технологияның үйлесімді дамуының нақты көрінісі.
Болашақ – жастардың қолында!

Механика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ахметова Балжан Ибрагимқызы.