«Мейірімділік – адамдықтың негізі» тақырыбында тренинг, пікір алмасу
2026 жылдың 20 ақпанында «Мейірімділік – адамдықтың негізі» атты тренинг, пікір алмасу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың адамгершілік құндылықтар туралы түсінігін кеңейту, мейірімділік, жанашырлық, сыйластық ұғымдарының маңызын ұғындыру және өзара құрметке негізделген қарым-қатынасты нығайту болды.
Шара тренинг форматында ұйымдастырылып, интерактивті әдістер арқылы жүргізілді. Алдымен қатысушылар «Жылы сөз шеңбері» жаттығуы арқылы бір-біріне жағымды тілектер айтып, достық атмосфера қалыптастырды. Кейін «Мейірімділік деген не?» тақырыбында ой қозғау ұйымдастырылып, студенттер өз пікірлерін ортаға салды.
Топтық жұмыс барысында түрлі жағдаяттар талқыланып, мейірімділік тұрғысынан шешу жолдары ұсынылды. Пікір алмасу бөлімінде мейірімділіктің қоғамдағы рөлі, оның күш пе әлде әлсіздік пе екендігі жөнінде мазмұнды ойлар айтылды.
Шара соңында қатысушылар рефлексия жасап, болашақта мейірімді болуға бағытталған жеке шешімдерін білдірді. Жалпы, студенттер белсенділік танытып, ашық пікір білдірді. Іс-шара білім алушылардың адамгершілік көзқарастарын нығайтып, бір-біріне деген құрмет пен жанашырлық сезімдерін арттыруға ықпал етті.
Ұйымдастырған: түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы, 1-курс эдвайзері Әділхан М.Қ.
Басқа жаңалықтар